Карантиндегі 60 күн: Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында деректі фильм көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантиндегі 60 күн. Бүгін, сағат 20:50-де «Qazaqstan» телеарнасы «COVID-19: Карантин» деректі фильмін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жобада Қазақстанның әлемдік пандемияға қарсы жүргізген іс-қимылдары, азаматтардың денсаулығын қорғау мен сақтаудағы кешенді жұмыстары, төтенше жағдай режимі кезіндегі сақтық шаралары, еліміздің дағдарысқа қарсы жасаған нақты әрекеттері көрініс табады.

Басты мақсатымыз – уақытпен санаспай, алғы шепте жүрген дәрігерлер мен қауіпсіздік саласы өкілдерінің еңбегін жеткізу. Үйден шықпай, індеттің таралмауына үлес қосқан қарапайым азаматтардың да өзгерген өмірі көрсетілетін болады», - делінген ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар