Карантинде жатқан ақтөбелік үйіне кетіп қалғаны үшін жазаланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенша жағдай режимін бұзған 133 жағдай тіркелді. Шымкенттен келген аудан тұрғыны карантинді бұзып, үйіне рұқсатсыз кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция мен еріктілер төтенше жағдай режимін бұзғандарды анықтап жатыр. Облыста барлығы 133 дерек тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 10 адам қамалды, 56 айыппұл салынып, 43 дерек бойынша іс сотқа жіберілді.

«Мұғалжар ауданының тұрғыны Шымкенттен келген. Ол аудандық ауруханада карантинде жатқан жерінен үйіне рұқсатсыз кетіп қалған. Ер адам ұсталып, әкімшілік іс сотқа жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетешісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар