Карантинде кәсіпкермен сөз байласқан: Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ойын-сауық орталығына карантин кезінде кедергісіз жұмыс істеуге рұқсат берген Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерге карантин кезінде кедергісіз жұмыс істеуге рұқсат беріп, карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға уәде еткен. Сол қызметі үшін ақша алған.

4 тамыз күні Тараз қаласының № 2 соты іске қатысы бар тұлғаларға үкім шығарды:

- Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж. К. Ізбасаров (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 млн теңге сомасында айыппұл төлейді;

- Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. А. Сүйінбеков (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1,5 млн теңге айыппұл төлейді;

- «KIDS Park» балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаев (ҚК-нің 367-бабы 2-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 млн теңге айыппұл төлейді.

«Ізбасаров пен Сүйінбеков алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның ақшасын иемденіп, карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін «KIDS Park» ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаевадан жалпы сомасы 200 мың теңге болатын қаржы алды деп күдіктенді.

Шілдебаева Тараз қаласы әкімдігінің аталған лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінген еді», - делінген таратылған ресми хабарламада.


Соңғы жаңалықтар