Карантинде хабарласқан тұрғындардың 70% интернет орнатуды сұрады - Қазақтелеком

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев коронавирус эпидемиясы кезіндегі компания жұмысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынында да жұмыс пен жүктеме көбейді. Әсіресе алғашқы 3 аптада компаниялар мен бизнес қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшкенде, компания ресурстарын арттыруға тура келді. Біздің желілеріміздегі жүктеме шамамен 30 пайызға артты және колл-орталықтарымызға келіп түскен өтінімдердің 70 пайызы интернет орнатуға қатысты болды. Компания бұл жұмыстарды да еңсерді», - деді Қ. Есекеев Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысында.

Спикердің айтуынша, қашықтан жұмыс істеу үй жағдайында еңбек етуге үйретті. Байланысқа арналған түрлі қосымшалар пайда болды.

«Компания мен коммуникация саласында да кішігірім даму бар, себебі тұтынушылар саны көбейді. Тіпті мынадай қызық статистиканы көрсеткім келеді, әдетте үй телефоны желілеріне сұраныс азая бастаған еді. Бірақ, пандемия басталған соң, керісінше, үй телефонын қолданатын адамдар саны көбейді», - деді Қ. Есекеев.


Соңғы жаңалықтар