Карантин және төтенше жағдай режімін алып тастайтын кезде әлемдегі жалпы ахуал ескеріле ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин және төтенше жағдай режімін алып тастайтын кезде әлемдегі жалпы ахуал ескеріле ме? Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Zakon.kz желілік басылымының Instagram парақшасындағы тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік карантин – бұл елдің жабылуы, шетелдіктер үшін елге кіруге және қазақстандықтарға шекарадан шығуға тыйым салу. Бұл еліміздің қауіпсіздігін сақтауға негізделген шара. Шешім әлемдегі жағдай қалай болатынына байланысты қабылданады. Сәуір ортасында өзге елдерден инфекция жұқтырғандар көптеп келу қаупі сақталып қалатын болса, карантин уақытын ұзарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Ол кезде барлық елде коронавируспен ауырып қалу тәуекелі теңеседі деп ойлаймын. Ол кезде бір-бірімізден сақтанудың маңызы болмайды деп ойлаймын, себебі интеграция, экономика маңызды. Карантин режімі біртіндеп алынады», - дейді Елжан Біртанов.

Ол инфекция адамнан адамға жұғатынын айтты.

«Карантин кезінде үйде отыру өте маңызды. Адамдармен неғұрлым көп байланыста болсаңыз, ауру жұқтыру қаупі соғұрлым көп болады. Адамдармен байланыста болғанда екі метр қашықтықты сақтаңыздар. Гигиена сақтап, қол жуыңыздар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар