Карантин талабын бұзған Алматы мейрамханаларына 77 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құрылған мониторингтік топ 15-17 қаңтарда кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарын анықтау және түсіндіру мақсатында аудандарды түнгі аралау жүргізді.

Оның барысында 553 нысан тексерілді. 28 хаттама толтырылды.

Қалада барлығы 32 мониторингтік топ жұмыс істеді. Карантиндік шаралардың барынша көп бұзылуын ескере отырып, мониторингтік топтардың жұмысы Алматының 4 ауданында - Бостандық, Алмалы, Әуезов, Медеу аудандарында күшейтілді.

Атап айтқанда, 28 нысанда бұзушылықтар анықталды:

1. Әл Фараби даң, 5 к 2 А «Sunset» мейрамханасы

2. Марков к. 61/2 «Jungle» рестобары

3. Абай д, 10 «QUEER» түнгі клубы

4. Гагарин к, 250 «OverPack» лаунж бары

5. «Бармаглот» бары Әл-Фараби д. 116/21.

6. «Небо» бары Достық д. 192/2.

7. «Физика» түнгі клубы

8. «Арагоста» түнгі клубы

9. Жібек жолы даңғылы бойындағы «Сони плейстейшен» ойын клубы

10. «Алимус» бильярд кешені

11. «Центр Шашлыка» дәмханасы

12. «Кварели» дәмханасы

13. «Salam bro» дәмханасы

14. Айнабулак-2 ш/а, 84/4

15. «Алимус» бильярд кешені

16. «Центр Шашлыка» дәмханасы

17. «Мендаль» балық дәмханасы Самал 2 ш/а, 31.

18. «Дадиани» дәмханасы, Қабанбай батыр, 37.

19. «Чачапури» дәмханасы Қастеев к, 15

20. Абай д, 10 «QUEER» түнгі клубы

21. Жандосов к, 40 Бочонок мейрамханасы

22. Премьера дәмханасы Премьера ТК

23. Royal Petrol №54 ЖЖҚБ

24. «Мак» жиһаз дүкені

25. «Домилион» СҮ «Faberliс» бутигі

26. «Бакинский бульвар» дәмханасы

27. «Веселидзе» дәмханасы Шевченко к,155 б

28. «Бочонок» мейрамханасы Жандосов к, 40.

Жалпы, 2020 жылғы 8 қазаннан бастап 2021 жылғы 17 қаңтарға дейін 889 тексеру іс-шаралары жүргізілген.

Барлығы 7604 нысан тексерілді, 1212 (16%) нысанда карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1023 хаттама жасалды.

288 заңды тұлғаға - 77 779 140 теңге, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша маска режимін бұзғаны үшін 735 жеке тұлғаға 30 627 450 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 24 материал сотқа берілді, оның ішінде 19 (79,1%) материал бойынша қызметін тоқтата отырып, айыппұл салу туралы сот қаулысы шықты.

Атап айтқанда, Алатау ауданы бойынша «Парваз» дәмханасына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызмет 1 айға тоқтатылды.

Алмалы ауданы бойынша Мұқанов көшесі, 130 мекенжайындағы «Дегирмен» дәмханасы, Абай даңғылы, 91 «ASM group» ЖШС 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК айыппұл төлейтін болды.

«АсЖан» жеке кәсіпкерінің «Арагоста» дискотекасына 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 3 айға тоқтатылды.

Наурызбай ауданы бойынша «Таужолы» дәмханасының қызметі 1 айға тоқтатылып, 277 800тг айыппұл салынды.

Түрксіб ауданы бойынша «Шашлычный двор» дәмханасының қызметі1 айға тоқтатылып, 100 АЕК айыппұл салынды. «Atlantis» бильярд клубының қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылып, 277800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. «Раяна», «Прованс» дәмханаларының қызметін 1 айға тоқтата отырып, 100 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылды;

Медеу ауданы бойынша: сот «Bm Trade Company» ЖШС «Артист»-1 барына қатысты қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. «Suddenly» ЖШС «Hookan Dreems» кафесі бары, «Оранжери Group» ЖШС «Оранжери» рестобар «Оранжери» ЖШС - қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну бойынша «Hookan Dreems» дәмханасының қызметін бір айға тоқтата отырып, 277 800 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Әуезов ауданы бойынша Мята лоундж барына 1 айға қызметін тоқтата отырып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. «Playstation Go»-1 компьютерлік клубы 1 айға тоқтатылып, айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар аумақтық прокурорларға ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтатуға дейін жауапкершілігі қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар