Карантин: Шымкентте 150 адам жиналған той таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында полицейлер кезекті рейд барысында 150 адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантин талаптарын сақтамай, той өткізіп жатқаны туралы хабарлама алған.

Тәртіп сақшылары тойханаға барғанда, онда эпидахуалға қарамай «Мерей той» өткізіліп жатқаны белгілі болған. Сонымен қатар, салтанат сарайының қызметкерлері келген қонақтардың дене қызуын тексермей, кіргізгені анықталған. Ал, даяшылар тойхана ішінде медициналық маскасыз қызмет көрсеткен.

«Аталған жайт бойынша, тойхана әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды» делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар