Карантин режимін бұзған бес адамға 87 мың теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин режимін бұзған 5 адамға 87 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс жүзінде бүгінде санитарлық талаптарды орындамайтындар - ел тұрғындары денсаулығына шынайы қауіп төндіретін топтағы адамдар. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимін бұзғандарға әкімшілік айыппұл салуды қарастыратын қосымша ереже қабылдады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, айыппұлдың сомасы 30 айлық есептік көрсеткішті, яғни, 87 510 теңгені құрайтынды.

«Бүгінде 19 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 5 адамға қазіргі уақытта айыппұл салынды. Бұл жұмыс жалғасатын блады. Барлық ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар