+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Карантин: Нұр-Сұлтанда жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар жауапқа тартылды

2020 жылғы 21 наурыз 16:46
Бөлісіңіз:
Карантин: Нұр-Сұлтанда жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Инвестистициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев карантин режимін бұзған кәсіпкерлер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты Теңіз вахта қалашығында коронавирус жұқтырған әйелмен байланыста болғандар карантин тәртібін бұзды Құтқарушылар елорда маңындағы су тасқынының алдын алу жұмыстарымен айналысып жатыр

«19 наурыздан бастап қаламызда карантин енгізілді және қалада жедел штаб өз жұмысын жалғастырады. Штаб бойынша негізгі құжат қабылданды. Бұл шешіммен азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын нысандардан басқа бизнес субъектілерінің жұмысы тоқтатылды. Бизнес-орталықтар мен техникалық қызмет көрсету станциялары үшін таңғы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі жұмыс кестесі бекітілді», - деді спикер қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.

Сонымен бірге, басқарма басшысы жұмысы тоқтатылмаған шағын және орта бизнестің санитарлық шараларды күшейтуі қажеттігін еске салды.

Қоғамдық тамақтану нысандары жабылды. Бірақ, олар онлайн тапсырыс пен жеткізу қызметі арқылы жұмыс істей алады. Елордада 344 мейрамхана бар. Алматы ауданында – 52, Есіл ауданында – 192, Байқоңырда – 40 және Сарыарқа ауданында – 60.

«Карантин режимін бұзу фактілерінің алдын алу үшін полицейлер, әкімдік және еріктілер күнделікті рейд жүргізеді. Жұмысын тоқтатпай, келушілерді қабылдаған мейрамханалар анықталды. Оларға қатысты құзіретті органдар қажетті шара қабылдауда. Біз үшін азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Егер осындай құқықбұзушылыққа куә болсаңыз, хабарласуыңызды сұраймыз. Әкімдікте тәулік бойы жедел штаб жұмыс істейді. 109 немесе 1432 нөміріне хабарласа аласыздар», - деді Ерлан Бекмырзаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT