Карантин: Көші-қон құжаттарын рәсімдеп үлгермегендер жауапқа тартыла ма

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында миграция қызметі жыл басынан 36 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі орталығы уақытша жабылды. Көші-қон желісі бойынша мемлекеттік қызметтер халыққа тек «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.

Мамандардың айтуынша, азаматтардың арасында аса сұранысқа ие қызметтердің бірі – ел тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару. Жыл басынан осы қызметті алу үшін 12 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жүгінген. Бұл – көші-қон қызметі бөліністері көрсеткен қызмет көлемінің үштен бірі. 7,5 мың адам бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ онлайн-режимінде «электрондық үкімет» порталы арқылы алған.

«Қазіргі уақытта бірқатар қызмет түрлерін онлайн-режимге көшіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Әзірге бұл процесс аяқталған жоқ. Бұдан бөлек, адамдарды жауапкершілік туралы мәселе алаңдатады. Карантин кезеңінде техникалық себептерге байланысты құжаттарын ресімдеп үлгермегендер әкімшілік жауапқа тартылмайды», - дейді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жалпы жыл басынан облыста миграция қызметі халыққа 36 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар