Карантин кезінде тойды ұйымдастырушылар мен оған қатысқандар бірдей жауапты - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин тәртібін бұзған тойды ұйымдастырушылар мен оған қатысқан қауымның заң алдында жауапкершілігі бірдей. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабына тоқталған министр, «Атап айтқанда, бұл тұрғыда тойды ұйымдастырушылар да, сондай-ақ оған қатысушы да карантин тәртібін бұзғаны үшін бірдей жауапты. Осы орайда 26 мың теңге сомасында айыппұл немесе 15 туәлікке дейін әкімшілік қамауға алу ескерілген», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, сот түрлі жағдайды назарға алады және тәртіп бұзғандарға түрлі санкциялар қолдана алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев күшейтілген карантин режіміндегі жаңа міндеттерге қатысты пікір білдірді.



Соңғы жаңалықтар