Карантин кезінде Көкжайлаудағы сауық кешіне барғандар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ – Алматыда карантин режимі кезінде Көкжайлау шатқалындағы сауық кешіне барған тұлғалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше күн бұрын Көкжайлау шатқалында бір топ адам кино көріп, концерт ұйымдастырып, көңіл көтерген. Олардың кім екендігі анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды. Қазір қылмыстық жаза қарастыру мәселесі қойылып отыр. Қазір бұл территория Алматы әкімдігінің қарауына берілгенін білесіздер. Жер учаскесінің тағдырына байланысты әкімдік пен министрлік талқылау жүргізіп жатыр», - деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары ЕРлан Қожағапанов.

Айта кету керек, өткен аптада карантин талабына қарамастан Көкжайлау шатқалында бір топ адам сауық кешін ұйымдастырып, демалған.

Кейін осы оқиғаға қатысты әкімдік түсінік берді.



Соңғы жаңалықтар