Карантин Қазақстан тұрғындарының эмиграциясын бәсеңдетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин Қазақстан тұрғындарының эмиграциясын бәсеңдетті: бірінші тоқсан қорытындылары бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда елден кеткен адамдар саны 12 пайызға қысқарған. Ал келушілер саны 34 пайызға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы қаңтар-наурыз аралығында елден 7,3 мың адам кеткен – бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайыз аз (8,4 мың адам). Елден кеткен адамдар санының азаюына негізгі себеп - COVID-19 вирусының таралуына байланысты қабылданған карантиндік шаралар. Бұл ретте ағымдағы жылдың осындай кезеңінде Қазақстанға келушілер саны 34,4 пайыз өсіп, 4,3 мың адамды құраған.

Анықтама үшін: жалпы алғанда, 2019 жылы елден 45,2 мың адам кетіп, барлығы 12,3 мың адам келген.

Елден кеткен адамдардың басым бөлігі Ресейге көшкен: 6,4 мың адам немесе жалпы санның 86,6 пайызы. Германияға 456 адам (немесе 6,2%), Өзбекстанға 115 адам (немесе 1,6%). Сондай-ақ, елден АҚШ-қа -106, Беларуське 51 адам көшіп кеткен.


Соңғы жаңалықтар