Карантин ережелерін бұзғандармен күресті күшейту керек – Қостанай әкімі

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында карантин шектеуін сақтау мәселесі қарастырылды. Мониторингт топтары өткен аптада 1 173 нысанды тексерген. Оның ішінде 49 нысан карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзған.

«Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары жаппай бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұған қоса бизнес өкілдерінің карантин талаптарын сақтамау фактілері бар екенін атап өткім келеді. Бекітілген шектеулерді орындау бойынша мониторинг топтарының жұмысы жалғасады. Сонымен қатар карантин режимін бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Мұны жеке бақылауыма аламын», - деді жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Аймақ басшысы мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, сондай-ақ карантин ережесін бұзғандарды әкімшілік жазаға тартуды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар