+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды

2021 жылғы 21 қаңтар 21:22
Бөлісіңіз:
Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының бас санитария дәрігерінің қаулысымен карантин шектеуі күшейтіліп, көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған Түркістанда қыз ұзату жасаған тұрғын жазаға тартылды Карантин: Командалық оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілмек

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайлармен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорт, білім беру іс-шараларды, көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу және т. б.), жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Мұндай шараларды үйде өткізуге де болмайды.

«Барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клуб, бар, караоке, компьютер және ойын клубы, қорқор, букмекер кеңселерінің қызметін, мерекелерді ұйымдастырушы кейтеринг қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметін, мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың және қызметін тоқтата тұру ұсынылып отыр» -делінген құжатта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантин шектеуі қайта күшейтілген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT