Карантин: «Ashyq» жобасының 11 қатысушысы екі аптаға шеттетілді - Павлодар облысы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ashyq жобасына екі апта ішінде тіркеу бойынша жоғары нәтижеге жеткен көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ashyq жобасының талаптарын бұзған 11 қатысушы жобадан 2 аптаға 14 шілдеден 28 шілдеге дейін шеттетілді. Бұдан бөлек, 2 апта ішінде келушілерді тіркемеген (check-in), тіркеу саны 20 реттен аспайтын 103 аутсайдер бар. Мониторинг топтары осы нысандармен жұмыс жүргізіп жатыр. Осы ретте Ashyq жобасына жауаппен қарап, барлық талаптарды тиянақты орындап жатқан нысандардың бары қуантады. Олардың саны - 21», - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Облыста бүгінде Ashyq жобасына 776 бизнес өкілі қосылды. Кәсіпкерлерден тағы 120-ға жуық өтінім қарауда жатыр.
Соңғы жаңалықтар