Карантин: Алматыға өмірлік қажетті заттарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин кезінде қаланың сауда орындары қалай жұмыс жасайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин режимі кезінде қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды: азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмекті, медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиеналық құралдарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады. Карантин кезінде балабақшалардың, азық-түлік емес сауда орындарының, яғни базарлардың, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа ірі сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де енгізіледі.

Азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп-шығуын шектеу үшін 27 бекет орнатылады.



Соңғы жаңалықтар