Карантин: Алматыда 3 жол айырығының құрылысы қарқынды жүруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев онлайн-брифинг барысында жол айырықтарының құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда мегополисте үш жол айырығы салынуда. Қазір Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, Алатау ауданында жаңа жолдың құрылысы басталды. Бұл жұмыстарға 8 бригада тартылды», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, барлық жұмысшылар маскамен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.


Соңғы жаңалықтар