Карантин: Алматы облысында той жасағандарға 89 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мониторингтік топ карантин кезінде той өткізудің 233 жағдайын анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанынан 268 мониторингтік топ құрылды.

Жыл басынан бері мониторингтік топтар 28 463 рейд жүргізді. 152 288 нысанды қамтып, 1369 карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде 735 нысанға 89 миллион теңгеге айыппұл салынды. Оның 233-і жаппай отбасылық және ұжымдық іс-шараларды, яғни той, ұзату, құдалық және туған күндер өткізу бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында ынақтылды. Карантин мен маска режимін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 592 хаттама толтырылды,-деп мәлімдеді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылдау департаментінің баспасөз қызметінен.

2020 жылдың қараша айының басынан бастап, бүгінгі күнге дейін Еңбекшіқазақ (13), Ескелді (1), Жамбыл (2), Талғар (4) аудандары мен Қапшағай (1), Талдықорған (6), Текелі (1) қалаларында, 28 шағын кәсіпкерлік нысанында барлығы құқық бұзушылық фактісі анықталды. 18 нысан бойынша аумақтық прокуратура органдарына хат жолданды, 16 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, салдарынан жеке тұлғаларға – 57.992.60 теңге сомасында 12 хаттама толтырылды.

Айта кетейік, өңірде үйлестіру орталықтары жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталыққа 156 шұғыл хабарлама келіп түскен. Тексеріс барысында карантин талаптарын бұзу дерегінің 90 жағдайы қоғамдық тамақтану нысандарында болғандығы анықталды.


Соңғы жаңалықтар