Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
Осы қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және басқалар) қызметіне тыйым салынады.
«Келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ауданы 1000 шаршы метрден артық азық-түлік сатпайтын дүкендердің қызметі сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Сонымен бірге, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ондағы азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі күндері ауданы 1000 шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмысын тоқтады» делінген қаулыда.
Бұдан бөлек, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақ сақталған жағдайда супермеркеттер мен гипермаркеттер жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі.
Қаулы 2021 жылғы 23 қаңтар сағат 00:00 кезінде күшіне енеді.