Қарамағындағылардан ақша алған «Қазақстан темір жолының» лауазымды тұлғасы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс - шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар