Қаралы қаңтарда Алматыда шеруге шыққандар бірін-бірі бұрыннан таныған - тергеуші

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық тергеуші қаңтар оқиғасы кезінде куә болған оқиға туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Ербол Нұрмановтың айтуынша, Алматыда қаңтарда болған шеру алғашында бейбіт сипатта болған. Алаңға жиналғандар жай ұрандатып тұрған. Алайда, кейіннен жағдай күрт өзгерген. Ол кезде Ербол Нұрманов әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қаладық әкімдіктің алдында қызметте болған.

«Ешқандай араңдатуға ермей, ешкіммен сөйлеспей, ешкімге қарсылық көрсетпей, өз міндетімізді атқарып тұрдық. Жиналғандар бір-бірін бұрыннан танитындай амандасып жатты. Қойылған қоршауларға жақындап «біз жаққа өтіңдер» дегендер де болды», – деді ол.

Тергеушінің айтуынша, бүлікшілер тіпті қызметтік әскери көліктерді де тартып алған.

Соңғы жаңалықтар