Қарақалпақ бірлестігінің өкілі: Қазақ тілінде сөйлегенім – сол халыққа деген құрметім

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ тілінде сөйлегенім- қазақ халқына деген құрметімді білдіреді. Бұл туралы Қазақстанда тұратын қарақалпақтардың этномәдени бірлестігінің төрағасы Тазабике Салиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ жері тағдыр тәлкегіне ұшыраған көп ұлтты бауырына басты, пана, қорған болды. Неше жылдан бері осында тұратын көп халықтар мемлекеттік тілді білуі тиіс. Тіпті қазақтардың өздері тілін білмей шаршатады. Кез-келген елдің тілін, әдет ғұрпын білмеген адам ол халықтың жан дүниесін білмейді. Құр рахмет айтудың керегі шамалы. Менің қазақ тілінде сөйлеуім - қазақ халқына деген құрметім. Бізде Қарақалпақстанда кітапханаларда қазақ тіліндегі кітаптар толып тұр»,- деді Тазабике Салиева.

Бірлестік басшысы Елбасының ерен еңбегін Нұр-Сұлтан қаласының түрленуінен көруге болатынын айтты.

«Мен алғаш көшіп келген 2000 жылы Астана қаласы (Нұр-Сұлтан – авт.) басқаша еді. Қазір әлемнің белгілі мегаполистерімен бой таласа алады. Бұл қазақ тарихының символы, нышаны. Қазақтың бақуаттылығының белгісі», - деді Т.Салиева.


Фото: astana.gov.kz
Соңғы жаңалықтар