Қарағандыны әскери қызметшілер дезинфекциялап жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары Қарағандының басты көшесіне дезинфекция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери қызметшілер Бұқар жырау даңғылын залалсыздандырды. Олар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы киіммен жұмыс істеп жатыр және залалсыздандыру жұмыстары барысында арнайы қоспаларды пайдаланды.

Залалсыздандыру шараларына 50 сарбаз тартылып, 7000 текше метр арнайы ерітінді пайдаланылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды әскери көлік инспекциясы мен қала полицейлері бақылап жүрді.

Айта кететін мәселе, залалсыздандыруға арналған ерітінділер тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбейді.

Қолға алынған шаралардың барлығы тек азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.


Соңғы жаңалықтар