Қарағандылықтар медсақтандыру байланыс орталығына жүгіне алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындарынан 2 айда медициналық сақтандыру байланыс орталығына 300-ге жуық қоңырау келіп түсті. Олар 1406 нөміріне кеңес алу және медициналық ұйымдарға шағым беру үшін қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең жиі қойылатын сұрақтардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қалай медициналық сақтандыру қатысушылары болу керек, кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, егер тексеру кезінде «сақтандырылмаған» мәртебесі анықталса, не істеу керек деген сауалдар бар. «Адамдардың қазір өз мәртебесін тексеру қаншалықты маңызды екенін түсінуі өте маңызды. Мұны ХҚКО арқылы, fms.kz Қор сайтында, сондай-ақ SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы жүзеге асыруға болады. Егер »сақтандырылмаған« деген мәртебе болса, ал сіз сақтандырылғаныңызға сенімді болсаңыз, онда1406 нөміріне қоңырау шалып, не болғанын анықтау керек. Жұмыс беруші сіз үшін ақша аудармаған немесе сіз өз бетінше жұмыспен айналысушы қызметкер бола тұра, төлемді өздері жібермей қалуы да мүмкін», - дейді Қарағанды облысы бойынша «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Жиырмаға жуық қоңырау нақты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге шағым жайлы болды. Өңір тұрғындары облыстың бірнеше емханалары мен ауруханаларында медициналық қызмет сапасына көңілі толмайтынын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар