+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағандылық шебер Еуразиялық дизайнерлер одағының халықаралық көрмесіне қатысты

2021 жылғы 12 маусым 18:06
Бөлісіңіз:
Қарағандылық шебер Еуразиялық дизайнерлер одағының халықаралық көрмесіне қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Еуразиялық дизайнерлер одағының Халықаралық ретроспективті көрмесінің ашылуында Қарағанды суретшісі Евгения Шульцке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары атынан алғыс хат, қолдан жасалған бірегей шапан және халықаралық маңызы бар диплом табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиадалық команда спортшыларын қолдауға арналған бейнебаянның тұсаукесері өтті Қарағанды облысында Ashyq жүйесімен 1 700-ден астам бизнес нысаны жұмыс істейді СҚО-дағы көне ғимаратта Ислам мәдениетінің музейі ашылмақ

Көрменің басты мақсаты – қазақстандық дизайнерлер мен суретшілерді әлемдік нарыққа шығару, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін және көрікті жерлерін насихаттау. Қазақ халқының барлық мәдени сан алуандығы Евгения Шульцтің көптеген еңбектерінде көрініс тапқан. Оның киізден жасалған суреттері Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал.

Сонымен қатар, суретші Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Шабыт» орталығында сәндік-қолданбалы өнер оқытушысы ретінде танымал.

Көрмеде Евгения Шульц бірнеше жұмыстарын ұсынды. Бұл қолмен өңделген жүннен жасалған «Ғасырлар даналығы» тақырыптық триптихі, оюлармен өрнектелген сүйектер, аң терісінен жасалған «Ұйқы аулаушы» этникалық панелі,

«Жер Су», «Үйге қайтар жол» және «Мәңгілік махаббат әні» киіз суреттері.

«Қарағандылық суретшілердің жұмыстарын көрермендер қызығушылықпен қабылдады. Менің суреттерімнің арасында көрермендерге көбіне «Жер Су» ұнады. Мен үшін бұл тарихи деректер мен заманауи көзқарастың қызықты синтезі.

Маған бұл суретті жасауға «Суайчинники» беларусь этномәдени бірлестігінің өкілдері көмектесті», – деп бөлісті Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Евгения Шульц.

Евгения отандық дизайнерлердің шеберлігінің жоғары деңгейін атап өтті. Айта кетер жайт, көрмеге бірегей зергерлік бұйымдар мен сүйек оюлары қойылған. Сондай-ақ, мұнда қазақ ұлттық әуендерімен және көмеймен ән салумен кәсіби таңдалған музыкалық сүйемелдеумен этностық коллекциялардың ерекше дефилелері өтті.

«Дефилеге қатысушылардың костюмдері біздің еліміздің ежелгі дәуірден бергі тарихының бірнеше кезеңін бейнелегені маған өте ұнады. Бірақ мен үшін күтпеген тосын сый Ералы Тоғжановтың алғыс хаты мен бисермен кестеленген барқыт шапанды табыстау болды. Бұл-маңғыстаулық шеберлердің ерекше туындысы.

Мен өзім эксклюзивті киім жасаумен айналысамын, сондықтан сыйлықтың құндылығын бірден түсіндім. Шынымды айтсам, мен қатты қобалжыдым.

Өрнектелген, қолмен кестеленген бұл бұйымды жасауға шебер кем дегенде жарты жыл уақытын жұмсайды», – дейді суретші.

Қазақстандық дизайнерлер үшін ұйымдастырылған ауқымды шара елордада 25 маусымға дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT