Қарағандылық полицейлер жүкті әйелді шұғыл түрде перзентханаға жеткізді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған көліктен жүкті әйелді шұғыл түрде Қарағанды қаласындағы перзентханаларының біріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында таңғы сағат 7:00-де Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонына ер адам облыстық перинаталдық орталыққа жетуге көмектесуді өтінді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбург-Алматы трассасының Теміртаудан Қарағанды қаласына дейінгі учаскесінде жол қозғалысы жабылған болатын. Ал көлікте оның жұбайы босанғалы жатқан еді.

«Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, оның көлігін трасса бойында тұрған машиналардың жалпы колоннасынан алып шығып, жарық-дыбыс сигналдары қосылып, жүргізушіні көлігімен және жұбайымен бірге медициналық мекемеге жеткізді.

Әйел перзентханаға жеткен бетте босанды. Сәбиі мен жұбайының аман-есен қалғанына қуанған ер адам полицейлерге Instagram әлеуметтік желісі арқылы көмек көрсетіп, қайырымдылық жасағаны үшін алғысын білдіріп, полиция департаментінің басшылығына лайықты кадрларды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді»,- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар