Қарағандылық хирургтер жас жігіттің саусағын реплантациялады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық хирургтар ауыр жарақаттан кейін жас жігітке қолын қайта салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай операциялар біздің облыста 80-жылдардың аяғынан бастап жасалуда. Алайда Денис Стефаненкодағы сияқты жарақатпен профессор Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері бірінші рет кездесті.

27 сәуір түскі уақытта Абай қаласының тұрғыны Денис Стефаненко отын дайындамақ болған. Жас жігіт әлі күнге дейін оның оң қолы циркулярлық араның астында қалай қалып қойғанын түсінбейтінін айтады.

- Туыстарым жедел жәрдемді күтпестен, өздері мені Орталық қалалық ауруханаға алып барды. Шынымды айтсам, онда не болғаны есімде жоқ. Қолымнан айырылдым деп ойладым. Бірақ мен кәсіпқой мамандардың қолына түстім, оларға өте ризамын, - дейді Денис.
Абай ауруханасында дәрігерлер жас жігіттің қан кетуін тоқтатып, спицалар орнатты, тасымалдау тігістерін салған. Содан кейін оны профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға алып барған.
Жалпы, алғашқы көмек көрсету және тасымалдау бір жарым сағатқа созылды.
«Осындай кәсіби көмектің арқасында біз пациенттің саусағын сақтай алдық. Операция ауыр зақымдарға қарамастан сәтті өтті – саусақ ішінара кесілген, ол жұмсақ дене – бұлшықеттің көмегімен шағын көпір арқылы ғана қолмен біріктірілген. Біз сүйекті қалпына келтірдік, сіңірдің, тамырлар мен жүйке талшықтарын байланыстырып тіктік. Бұл ота төрт сағатқа созылды. Мұндай күрделі операция үшін бұл ұзақ уақыт емес», - дейді проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың микрохирургі Тимур Игімбаев.
Хирургиялық отаның қаншалықты жақсы өткені қазір Денис өтіп жатқан оңалтудан соң белгілі болады. Күнделікті түрде ол физиотерапия алады, оған берілген препараттарды қабылдайды.


«Толық қалпына келтірілгеннен кейін мүгедектікті ресімдеудің қажеті болмайды. Мен геологиялық барлаудағы бұрынғы жұмысыма қайта ораламын деп үміттенемін. Ал әзірше мен сол қолмен жазуды үйрендім», - дейді жас жігіт.
Отадан кейін үшінші күні Денис Стефаненко саусағын жыбырлата алды. Қазір қолының ұшындағы сезімталдық толығымен қалпына келді. Дәрігерлер жақсы болжамдар айтып отыр.


Соңғы жаңалықтар