Қарағандылық фотограф Ұлытаудың әсем суреттерін жұрт назарына ұсынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қасиетті Ұлытау» экспозициясы өтіп жатыр. Фотокөрме фотограф Дмитрий Ругистің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайындағы бірнеше жылғы еңбегінің нәтижесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық аңыздарымен көмкерілген киелі өлкеге саяхат тау-кен инженерінің тағдырын түбегейлі өзгертті. Бірнеше жыл бұрын көпшілікке аты белгісіз әуесқой фотограф Дмитрий Ругис қазір National Geographic Qazaqstan журналы мен Nomad Explorer саяхатшылар бірлестігінің танымал бейнографы, өлкетанушысы, фотографы. Бүгінде ол TEFA Eurasiaphoto шығармашылық бірлестігін басқарады және Қазақ географиялық қоғамының белсенді мүшесі.


«Мен фотографияға шамамен 10 жыл бұрын қызығушылық таныттым. Турист достарымен слеттерге шыға бастағанда, айналаның әсемдігін суретке түсірмеу мүмкін емес екенін түсіндім. Фотографияны үйрені үшін Теміртау қаласындағы «Сплав» клубына бардым. Фотограф ретінде оқып, өсе бастадым. Мені әрдайым пейзаж түсірілімі қызықтырды. Пікірлес фотографтармен бірге Қазақстанды аралап саяхаттай бастадық», - дейді Дмитрий Ругис.


Белгілі фотограф Ерболат Шадраховтың шақыруымен Ұлытауға сапарының бірінде Дмитрий жергілікті мұражай-қорық директоры Бақтияр Қожахметовпен кездесті. Осылайша олардың ынтымақтастығы басталды. Бірақ мұның алдында бір маңызды оқиға болды. Дмитрийдің айтуынша, ол Әулиетауға шыққанда жаңа кәсібінің жаңа белеске шығаратынын көзі жеткізгендей болды.

«Бұл қасиетті тау. Оның биік жеріне адамдар көп барады. Мен оған 2016 жылы көтерілгенде, ерекше сезіндім. Көктен маған назар аударғандай болды. Менің фотограф және бейнограф ретіндегі жолым бола бастады. Мені қорықта мұражай фотографы болуға шақырды. National Geographic Qazaqstan журналына арнап, «Ветер странствий» және «Вокруг света» газеттері мен журналдарына мақала жаза бастадым. Nomad Explorer компаниясының басшысы Марғұлан Сейсембаймен таныстым. Осының арқасында бүкіл Қазақстанды аралаған керемет экспедицияларда болдым», - дейді Дмитрий Ругис.


Бір жыл өткен соң ҚР Ұлттық мұражайында Дмитрийдің алғашқы фотокөрмесі өтті. Содан кейін Алматыда «Қазақстандықтар» атты жеке фотокөрме өтеді. 2019 жылы Ұлттық мұражай мен Qazaq Geography жеке экспозициялары қойылды.


Оның алғашқы суреті бірден Маврикийге жіберілді. Мұнда қазақ жылқы өсірушілерінің салт-дәстүрлерінің тұсаукесері өткен болатын. Олардың барлығы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енді. Өткен жылы Дмитрий Ругис Ұлытау туралы 11 ролик түсірген.

«Ұлытау – аты аңызға айналған өлке деп есептеймін. Ол бүкіл Еуразия құрлығының тарихына әсер еткен адамдармен байланысты. Бұл жер тарихи ескерткіштерге толы мекен. Хан ордаларының шоғырланған жері. Аумағында Жошы, Алаша сынды ұлы хандардың жерленген жерінде тұрғызылған кесенелер көп. Аңыз бойынша, зороастризмнің негізін қалаушы Заратуштра осында өзін аша алды», - деп Дмитрий аймақтың артықшылығын тізбелейді.


Ұлытауды ежелгі металлургия өлкесі - Жезді, Жезқазған, Қарсақпай деп те атайды. Қорғасыннан аталмыш металл шахталарының қалдықтары табылды. Дмитрийдің бастамасымен олар туристік нысандарға айналды.

«Бұл аумақта таңғажайып әр түрлі табиғат бар. Солтүстікте көлдерде қоқиқаз ұя салады. Оңтүстігінде – Бетпақдала құмдары. Солтүстік-батысында Ақжар фантастикалық бор таулары, өзен каньондары бар. Ортасында тау массиві орналасқан. Бұл аймақтың әйгілі тауларының бірі - Әулиетау әлемге танымал Арарат, Кайлас, Килиманджаро сияқты алыптармен тең келеді», - дейді фотограф.


Өткен жылы Дмитрий Ругис Ұлытау ауданында салынған визит орталығымен белсенді жұмыс істеді. Оның фотосуреттері жаңа құрылысты безендіріп қана қоймайды, олар «Жезкиік», «Оңтүстіктің аңыздары», «Памир трактісі» фотоальбомдарын шығаруға негіз болды. Жақында «Киелі Ұлытау» фотобасылым баспадан шықты.

«Бұл жұмысымның қорытындысы секілді болды. Альбом 5 жыл ішінде түсірілген 375 фотодан тұрады. Ұлытау қонақтары оның сыйлық ретінде сатып алады. Қазірдің өзінде ол сұранысқа ие. Маған Қазақ географиялық қоғамы, National Geographic Qazaqstan журналы, Павлодар география үйі жеке өтініш жасады. Жаңа альбомда өлкенің тарихи және табиғи байлығы, бүкіл ел үшін киелі мәні бар нысандар көрсетілген», - дейді Дмитрий.


Қарағандылық фотограф Ұлытау өркениет және өнеркәсіп орталықтарынан қашық орналасқандықтан жақсы сақталған деп есептейді. Бұл жерде ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әлі күнге дейін құрметтеледі, ал адамдар ұлттық қолөнермен айналысады.

«Мысалы, Терісаққан ауылы жылқы шаруашылығымен байланысты салт-дәстүрлерімен танымал. «Қымызмұрындық», «Бие байлау» және «Айғыр қосу» адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді. 2012 жылдан бастап ауылда жыл сайын «Терісаққан көктемі» этнофестивалі өткізіледі. 2018 жылы Ұлытауда «Жезкиік» халықаралық этникалық музыка фестивалі пайда болды. Менің бала кезімнен ұлттық қазақ мейрамына қатысу арманым болды және ол енді ғана орындалды», - деп түйіндеді Дмитрий.

Ұлытаудың адамдары да ерекше. Ол әріптестерімен бірге олардың қонақжайлығын бірнеше рет бастан өткерген. Олардың күнделікті киімдерінде қазақ өрнектері бар.


«Дәл осы үшін туристер бұл аймаққа келеді. Оларға жайлылық қажет емес, олар біздің заманымызға жеткен ежелгі дәстүрлер мен қолөнерді көргісі келеді. Ұлттық нақышты сезініп, тарих пен тамаша сұлу табиғатқа шомуды қалайды. Ұлытаудың болашағы зор», - дейді фотограф.

Қазір Дмитрий Ругис «Ұлытау таулары - ұлы таулар» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұлытау деп аталатын таулар Еуразияда бірнеше рет кездесетінін білетіндер аз. ОларҚап тауында, Алтайда, Түркияда және Шорияда бар. Аты сәл өзгертілген - Улыдаг, Уллы-Тау.

«Біз Ұлытауды даланың географиялық және Киелі орталығы деп санаймыз. Біздің мақсатымыз – осы жаңалықты тарих қызығатын және пайымы бар көптеген адамдардың игілігіне айналдыру. Сонымен қатар, қазір мен «Еуразия, дала, халықтар» жобасымен айналысамын. Дүниежүзілік экспедицияға қатысып, оның негізінде фотоальбом мен фильм жасау жоспарда бар», - дейді Дмитрий.


Жалпы, Дмитрийдің арманы – өзі бармаған Қазақстандағы түкпір-түкпірін аралау. Соның бірі Жоңғар Алатауы.

«Республикамыздың бірегей және тарихи маңызы бар жерлерінің фотосуреттер мұрағатын жинағым келеді. Ұлытаудың түсірілімі осы өлкенің Қазақстан тарихындағы маңызын қалпына келтіруге көмектеседі деп есептеймін. Мен осы ауданның дамуы мен танылуына үлес қосқым келеді. Менің суреттерімнің пайдасы болуы керек. Бұл менің жұмысымның мәні», - дейді объектив шебері.


Соңғы жаңалықтар