Қарағандылық екі дзюдошы Олимпиада ойындарына жолдама алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) олимпиадалық біліктіліктен өткен спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Токиода өтетін ойындарда Қазақстанның намысын алты дзюдошы қорғайды, олардың екеуі Қарағанды облысынан. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов

пен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев.

Үш жыл ішінде 110 елден, соның ішінде Жапониядан келген бес құрлықтың спортшылары Олимпиада аренасында өнер көрсету құқығына ие болу үшін бақ таластырды. Квоталарды бөлуде олимпиадалық рейтингтегі қорытынды нәтижесі қолданылды.

Біліктілік кезеңі Венгрияда дзюдодан әлем чемпионатынан кейін аяқталды.

Дзюдодан әлемдік турға қатысушылардың барлық ұпайларын есептегеннен кейін спортшылардың қорытынды тізімі белгілі болды.

«Ойындарға іріктеу 2018 жылдың 25 мамырынан басталды. Әр салмақта 18 спортшы өнер көрсетеді. Еліміздің әр санатында тек бір ғана спортшы жарыса алады», – деп атап өтті Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.

Олимпиада ойындарында спортшылар барлығы он бес медаль жиынтығы үшін бақ таластырады: ерлер мен әйелдерде жетіден. Тағы біреуі командалық жарыстарға арналған.

Өткен 2016 жылғы Рио Олимпиадасына да елімізден алты дзюдошы барған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 28 түрінен 82 жолдама жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар