Қарағандылық дәрігерлер ауыл-аймақта көшпелі консультация ұйымдастырады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында шалғай қалалар мен аудандардың тұрғындары тұрғылықты жерлерінде білікті медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың мамандары мамыр-маусым айларында көшпелі кеңес беруді жоспарлап отыр.

Олар Осакаров, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарын, Жезқазған және Балқаш қалаларын аралайды.

Көшпелі бригадаларға травматологтар, хирургтар, невропатологтар, окулистер, ЛОР-дәрігерлер кіреді.

Дәрігерлердің сапар кестесі мынадай:

- Жаңаарқа ауданы – 17 және 18 мамыр (хирург – Жасұлан Хасенов, анестезиолог – реаниматолог - Станислав Бошков);

- Жезқазған – 17 және 18 мамыр (ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Манас Әміров, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Осакаров ауданы – 7 маусым (офтальмолог – Кира Делибораниди, отоларинголог – Айдан Мусин, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Қарқаралы ауданы – 14 маусым (офтальмолог – Маржан Аркен, отоларинголог – Руслан Абдуғаниев, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов);

- Балқаш – 21-22 маусым (невропатолог-эпилептолог – Сацита Висурханова, невропатолог-паркинсолог – Елена Чернецкая, ересек пациенттерге арналған травматолог-ортопед – Алексей Тарасюк, балаларға арналған травматолог-ортопед – Ерлан Айтмағамбетов).

Мақажанов атындағы клиника әкімшілігі аудандық және қалалық ауруханаларда қабылдау күні мен уақытын нақтылауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар