+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады

2020 жылғы 17 ақпан 19:18
Бөлісіңіз:
Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының 50185 әскери бөлімінің қызметшілері селленджі қолдап бейнеролик түсірді. Онда олар Абайдың «Өлең - сөздің патшасы» атты шығармасын оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркиялық әнші Абайдың әніне клип түсірді Абай және Маржани дүниетанымы туралы мақала татар тіліне аударылды Абай туралы фильмдер нақтылануда - Ақтоты Райымқұлова

Бастама жасаушы 50185 әскери бөлім командирінің орынбасары, полковник Арман Құдайбергенов. Әскер қызметі жөніндегі штаб бастығының орынбасары С. Мақсұтов сценарий жазушы, режиссер, оператор және монтаждаушы ретінде өз үлесін қосты. Өлеңді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник С. Рамазанов, жедел қызмет қатардағы жауынгері Н. Бүркітбаев, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері А. Маматилова, аға лейтенант Ж. Оңлас, майор Ж. Смағұл және аға лейтенант Ш. Зұлқарнаев оқыды.

Бұл - Абайдың 175 жылдығына орай ақынның шығармаларын оқитын поэтикалық эстафета.

Эстафетаны тоғыз жасар оқушы Ләйлім Шырақ бастаған. Ләйлім Абайдың өлеңін оқып, ел Президентіне үндеу тастады. Мемлекет басшысы мұны қабыл алды. Сонан соң ол эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге тапсырды.

Челленджге Қазақстан Президентінен басқа, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, ресейлік әнші Валерия, Ресей Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров, танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев, Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой және басқалары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT