Қарағандыдан Жезқазғанға жаңа пойыз қатынайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды теміржол вокзалында «Қарағанды-Жезқазған» бағытына жаңа пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды-Жезқазған» пойызы 18 сәуірден бастап жұп күндері қатынайтын болады. Қала маңында қатынайтын пойыздың құрамында 6 вагон - 2 купе, 3 плацкарт, 1 жалпы вагон бар. Ауа салқындату жүйесімен жабдықталған. Қарағандыдан Жезқазғанға дейін жол жүру ақысы купе - 3197 теңге, плацкарт - 2071 теңге, жалпы вагонда - 1238 теңгені құрайды. 

Басқа жолаушылар пойыздарымен салыстырғанда жол ақысы орта есеппен 20 процентке арзан. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жолаушылар пойызының кестесі барлық стансыларды есепке ала отырып жасалған.

Пойыз Қарағанды облыстық әкімдігі мен «Қала маңына тасымалдау» АҚ арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін іске қосылды.  

Соңғы жаңалықтар