Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының жөндеу жұмыстары 1 тамызға дейін аяқталады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Шахтер» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда ауқымды қалыпқа келтіру соңғы рет алты жыл бұрын жасалған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында спорттық нысанның көптен күткен жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір стадионда мамандар мінбедегі орындықтарды ауыстыруда, қасбетті сырлауға дайындап жатыр, мінбедегі және аумақтағы үй-жайларды, шешінетін орындарды, жуынатын бөлмелерін жөндейді. Бұдан басқа, жаңа газон үшін алаң дайындайды. Жасыл жабын енді жасанды, жылыту және автоматты суару жүйесімен болады. Алаң енді төртінші санатқа сай және Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА талаптарына сәйкес келеді.

«Алаңды пайдалану күніне 8 сағатқа дейін артады. Ал негізгі футбол командасы наурыз айынан бастап ойнай алады», - деді «LCW group Kazakhstan» директоры Игорь Амалатов.

Сонымен қатар, облыс әкіміне стадионда жарықтандыру жүйесі жақсартылады деп баяндалды. Алаңды жарықтандырудың электр қуаты ұлғайтылды. Кешенді жөндеуге жүгіру жолдары мен белгілеулерді ауыстыру да кірді. Жоспар бойынша бар лық жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталмақ.

«Біздің қаланың танымал нысаны осы «Шахтер» стадионы. Ол 60 жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындары мен қонақтарын орталыққа кіреберістен қарсы алады. Бұл жер спортшылар мен жанкүйерлерге жайлы болуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

«Шахтер» стадионының директоры Вячеслав Мазитов өз кезегінде «Локомотив» және «Литейщик» стадиондарында жөндеу жұмыстарын бастайтынын айтты. «Литейщикте» жасанды газоны бар алаң жасайды, жүгіру жолдары төселеді, қоршау, жарықтандыру, дәретхана орнатылады. Жұмыс тамыз айының соңына қарай аяқталады.

«Локомотив» стадионында қасбеттер, трибуналар, спортзал және қызметтік бөлмелер жөнделеді.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстары «Жастар» спорт кешенінде де басталды, құрылысшылар ғимараттың қасбетін, үй-жайларын жаңартуға кірісіп кетті. Мини-футболға арналған алаң да қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, биылғы жылы балалардың аула клубтарын жөндеуге ақша бөлінді - Майқұдықта үшеу, қалада біреуі жөндеуден өтеді.


Соңғы жаңалықтар