+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарағандыдағы фармацевтика зауыттары өндіріс көлемін ұлғайтуда

2020 жылғы 27 наурыз 02:18
Бөлісіңіз:
Қарағандыдағы фармацевтика зауыттары өндіріс көлемін ұлғайтуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ және Қарағанды фармацевтика зауыты фитопрепараттарды, өсімдік заттары негізінде дезинфекциялаушы және бактерияға қарсы құралдарды шығару көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндірісті ұлғайтуға фармацевтикалық зауыт 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке облыс орталығына жұмыс сапары барысында мәлім етілді.

«Қазақстанда 16 негізгі фармацевтикалық зауыт бар, олардың 95%-ы тасымалданатын шикізатпен жұмыс істейді. Ал біз дәрілік шикізаттан дайын препараттарға дейін барлығын өзіміз өндіреміз. Барлығы 72 атау бар. Сондай-ақ жаңа препараттар - иммуномодуляторлар әзірледік», - дейді «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ Бас директоры Серғазы Әдекенов.

Қарағанды фармзауыты – шикізат өндіруден, оны қайта өңдеуден, қажетті субстанцияларды алудан дайын препараттарды шығаруға дейінгі бірыңғай технологиялық циклді кәсіпорын. Қазіргі уақытта өндірісте өсімдік шикізатын экстракциялау және лиофильді кептіру цехын салу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары барысында ірі ұн тартатын кәсіпорынның жұмысымен де танысты. «Сұңқар и К» астық компаниясы» ЖШС тәулігіне 140 тонна жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн өндіреді. Компания өнімдері «100 пудов» маркасымен сатылады.

«Ұн өндіру үшін Нұра, Осакаров аудандарынан және Ақмола облысынан астық аламыз. Ұнды көтерме және бөлшек сауда желісінде ғана емес, тұрақтандыру қорына да жеткіземіз», - дейді «Сұңқар және К» астық компаниясы» ЖШС директоры Марат Айсин.

Сондай - ақ, аймақ басшысы «Имсталькон» ЖШС және «KAZ BUILD COMPANY» ЖШС-нда болды.

«Имсталькон» ай сайын 2500-3000 тонна металл құрылымдарын шығарады. Зауыттағы жұмыс штаттық режімде жүріп жатыр.

KAZ BUILD COMPANY өнімдері бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Қарағанды қаласының көптеген ірі сауда және өндірістік объектілерін салу кезінде осы кәсіпорынның металл құрылымдары қолданылды. Биыл зауытта сэндвич панель шығарылмақ.

Қарағанды облысының әкімі осы қиын кезеңде өндірісте жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, мүмкіндігінше жаңа жұмыс орындарын құруға тырысу керектігін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT