Қарағандыдағы Достық үйінде Конституция күні аталып өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерттік залда этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, спортшылар бас қосты. Қатысушылар еліміздің өркендеуінде, азаматтардың тұрақтылығы мен әл-ауқатын сақтаудағы негізгі Заңның басты рөлін атап өтті. Олар жерлестерін ең басты мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституциясы күнімен құттықтады.
- Біз еліміздің Конституциямыздың негізінде өмір сүріп, еңбек етеміз. Ең басты құндылық - біздің азаматтарымыз бен олардың еңбектері. Әрбір адамның Қазақстанның тәуелсіздігі мен дамуына қосқан үлесі зор рөл атқарады. Елбасы саясатының арқасында біздің республика халықаралық аренада ерекше орынға ие болды. Бізді бүкіл әлемде біледі және құрметтейді. Біздің Сарыарқаның аумағында 130-дан астам этностар тұрады. Бүгін маңызды мереке - Конституция күні қарсаңында біз Достық үйінің шаңырағына жиналып отырмыз, - деді Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.
Облыс әкімінің атынан ол жоғары білім беру қызметкерлеріне жастарды тәрбиелегені, өңірдің қоғамдық-саяси қызметіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
- Конституция - бұл біз үшін өте маңызды және басты құжат. Туғаннан бастап біздің барлық құқықтарымыз Конституциямен қорғалған. Біз сапалы білім алып, жан-жақты дамып, өз болашағымызға сенімді боламыз, - деп атап өтті Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенті Қаракөз Тілеуқабыл.
Спортшылар атынан баршаны Конституция күнімен әлем кубогының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Ахметбеков құттықтады. Ол халықаралық жарыстарда Қазақстанның туы көтерілгенде қандай мақтаныш сезіміне бөленетіні туралы айтты. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері жастарды азаматтық белсенділікке шақырды.
Б. Бейсенов атындағы ІІМ Академиясының басшысы, полиция полковнигі Ақынғали Дәрменов оқытушыларға ведомстволық наградаларды: «Ішкі істер органдарының үздігі» белгісін, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.
Концертте халықаралық конкурстардың лауреаттары, жергілікті кәсіби ұжымдар өнер көрсетті. Финалда жас бишілер «Достық хороводы» ашық композициясымен сахнаға шықты.


Соңғы жаңалықтар