Қарағандыда жүргізуші жол жиегінде тұрған адамды мерт қылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған ер адамды қағып кетіп, мерт қылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Шет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шет аудандық сотында азамат А.-ға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет) қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, «Алматы-Екатеринбург» тасжолында «Lada Largus»  көлігінің жүргізушісі жол ережесін қатаң бұзып, салдарынан рульге ие бола алмай, жол жиегінде тоқтап тұрған «Hyunday Accent»-ті және оның артында тұрған жүргізушіні қағып кеткен.

Оқиға салдарынан «Hyunday Accent» автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан Шет аудандық ауруханасында көз жұмған.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 1 жылға бас бостандығынан айыру және 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар