Қарағандыда жұмыссыздар саны азайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы жұмыссыздық деңгейін биылғы жылдың үш ай аралығында 0,2 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметнің брифингі барысында Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді.

- Осы жылдың басында жұмыспен қамту пункттері ашылған болатын. Онда кез келген адам жұмыспен қамту немесе өз ісін ашу бойынша кеңес ала алады. Бүгінгі таңда 11 пункт жұмыс істеуде. Олардың барлығы бір терезе қағидасы бойынша жүмыс істейді - бір мезгілде мемлекеттік қызметтер және Кәсіпкерлер палатасының мамандарынан кеңес алады, - деп мәлімдеді Әсем Жүніспекова.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту пунктілері өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр. Аз уақыт аралығында бұл бекеттерге 1966 адам келген. Бұған қоса, қалалар мен аудандарда жылжымалы Жұмыспен қамту пунктілері ұйымдастырылған.

Сондай-ақ облыста бос жұмыс орындарының 95 жәрмеңкесі өтті. Оған 1522 жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкелерде 24 656 бос жұмыс орны ұсынылған.

- Бұл шаралардың барлығы бізге жұмыссыздық деңгейін қысқартуға мүмкіндік берді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ол көрсеткіш 0,2% төмендеді және бүгінгі таңда 4,5% құрап отыр, - дейді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Соңғы жаңалықтар