Қарағандыда жүк көлігінің екі жүргізушісі қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жөндеу барысында екі ер адам жүк көлігінің астында қалып қойды. Жүргізушілер сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Бытовая көшесіндегі жүк көлігі шина жөндеу орнында болған. Екі ер адам көлікті жөндеп, пневмо жастықшасын ауыстырып жатқан. Абайсызда көлік түсіп кетіп, жүргізушілерді басып қалған. Екеуі де сол жерде қайтыс болды.

«20 наурызда Қарағандыда Бытовая көшесіндегі жүк көліктерінің ашық тұрағында жөндеу жұмысын жүргізу кезінде екі ер адам көліктің астында қалып қойды. Жедел жәрдем олардың қайтыс болғанын растады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар