Қарағандыда жол жөндеу жұмыстарын бақылау күшейтіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол инфрақұрылымын жақсарту жалғасуда. Биыл аймақта жол жөндеу жұмыстарының көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды өңірінде жолдарда атқарылған жөндеу жұмыстары мен пайдаланылатын материалдардың сапасы мұқият қадағаланатын болады. Облыс орталығында тексерушілер қатарына Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының мамандары қосылады.

«Біз «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы« АМК-мен шарт жасасамыз. Бақылау бес сатылы болады. Бірінші саты — зауыттан шығатын жол-құрылыс материалдарын тексеретін зертханалар», - деп хабарлады Қарағанды қаласының ШҚ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оның айтуынша, орталық өкілдері әр нысанда болады.

Рүстем Қожақапанов, сондай-ақ, қалада 162 жол учаскесі кепілді қызмет көрсетуде екенін айтты. Кейбір кепілдік 3-4 жылдан кейін аяқталады. Осы мерзім ішінде пайда болған ақауларды мердігерлік ұйымдар өз есебінен жояды.

Ең ауқымды жоба - К. Маркс көшесі - Магнитогорская көшесі бойынша жолды күрделі жөндеу болып табылады.


Соңғы жаңалықтар