Қарағандыда жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Сапарғалиұлы Лямбеков 1970 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде агроном дипломын алды.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарқаралы АІІБ экологиялық милиция инспекторы қызметінен бастады.

1998 жылы «Қарқаралы АТП» АҚ кезекші механигі болды. 2002 жылы Мемлекеттік қызметке түсіп, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының бас маманы болды..

2005 жылы Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы лауазымына ауысты.

2006 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010-2013 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының АӨК және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі болды. Қазіргі тағайындалғанға дейін осы бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар