Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ қызметіне шек қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамыры аралығында құрамында 5 адам болған ҰҚТ Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Сондай-ақ, олар 16 млн. теңгеден астам сомада табыс тапқан. Жедел шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан Лотоматик түріндегі 200-ге жуық ойын жабдықтары тәркіленіп алынды.

Бүгінгі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар