Қарағандыда заманға сай жабдықталған 24 жаңа автобус жолға шығады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласы бойынша бағыттарға Сарандағы QazTehna зауытында құрастырылған 24 жаңа автобус шықты. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген лизингтік бағдарламасының және облыс әкімдігінің қолдауының арқасында 1-Таксокомбинат жаңа техника сатып алды. Бірінші кезекте автобустар №01 және №30 бағыттарға жіберіледі. Содан кейін №№7, 013, 28, 31 бағыттарына шығарылады.

Сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын автобустар барлық заманауи талаптарға және Евро-5 экологиялық санатына сәйкес келеді. Автобустар арбадағы мүгедектерге арналған пандустармен және алаңшалармен, балалы жолаушыларға арналған орындармен, сондай-ақ кондиционерлермен жабдықталған»,-дейді облыс әкімі.

Оның сөзінше, маусым айында «Рейс» ЖМ тасымалдаушысына 16 жаңа автобус және Саран қаласының автопаркіне 15 автобус жеткізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ Жезқазғанға 30 жаңа автобус жеткізіледі. Бұған қоса, Теміртауға Семейден 20 автобус әкелінді. Алдағы уақытта тағы 55 автобусты жеткізу жоспарлануда.

«Алдағы 2-3 жыл ішінде облыстың барлық ірі қалаларында қоғамдық көліктер барынша жаңартылады. Сонымен қатар, ауданаралық және облысішілік рейстерді автобустармен жабдықтайтын боламыз»,-деді Жеңіс Қасымбек.


Соңғы жаңалықтар