Қарағандыда волонтерлікті дамытудың әлеуеті талқыланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды өңірінде волонтерлікті дамыту әлеуеті туралы мәселе бейресми жобалық топтың (ID-group) екінші отырысын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BIRGEMIZ республикалық фронт-кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн-сессия «Волонтерліктің трендтері мен жаңа бағыттары» тақырыбына арналды.

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжановтың айтуынша, жобалық топтың негізгі идеясы оған еріктілердің кіруіне шектеу қоймау.

Бұл бағыттағы алғашқы жоба JASPROKRG_Bot Telegram боты ашылды. Енді кез келген қарағандылық оның көмегімен өзінің еріктілер тобын тіркеп, ақпарат алады немесе еріктілер қатарына қосылады.

Сессияда Қазақстандағы БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев пен «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк жаңа трендтер мен бағыттар туралы айтып берді. Атап айтқанда, биыл зооерікті жеке құрамдас бөлікке бөлінеді. Қарт адамдарға да ерекше назар аударылады. Пандемия кезінде олар ерекше күтімді қажет етеді.

Кездесуге Әзербайжан ерікті ұйымдары одағының төрағасы Турал Гумбатов қонақ ретінде қатысты. Ол жиналғандарға Орталық Азия, Әзербайжан және Түркия елдерінің волонтерлік бастамаларының ынтымақтастық әлеуеті туралы айтып берді.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Құралай Жарқымбаева жастардың жаңа волонтерлік бастамалары мен республикалық жобалары туралы хабардар етті.

Кездесудің екінші бөлімі «Әлеуметтік студенттік несие» жобасына арналды. Бұл тақырыпта өзекті ақпаратты «Қаржы орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары Ақжол Құрмансейіт ұсынды.

Бейресми жобалық топ жақында, осы жылдың наурыз айында құрылған. Қазір оның жоспарларына өңірдің барлық волонтерлік ұйымдарын біріктіру және одан әрі жемісті ынтымақтастық кіреді.


Соңғы жаңалықтар