Қарағандыда түрмеде жазасын өтеп жатқандар көпбалалы аналарға сыйлық табыстады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – АК-159/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар халықаралық әйелдер күні қарсаңында өмірлеріндегі ең маңызды жандарын құттықтап, қателіктері үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ, көпбалалы аналарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бейнеролик дайындады, онда АК-159/11 сотталған мекемелері өз аналары мен әйелдерін 8 наурызбен құттықтап, шын жүректен ақ тілектерін білдіріп, осы күні олардың қасында бола алмайтындары үшін кешірім сұрады. Бейне байланыс арқылы құттықтау жолдаған сотталғандардың көпшілігі бас бостандығынан айыру орындарында он жылға жуық отырғандар.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында АК-159/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан көпбалалы аналарды АК 159/5, АК 159/6, АК 159/7, АК 159/11, АК 159/17, АК 159/18 мекемелеріндегі сотталған ер адамдар құттықтады.

Бұл күні сотталғандар өз қолдарымен қобдишалар, ағаш мүсіншелер, ашық хаттар мен суреттер секілді сыйлықтар жасады. Көпбалалы аналар осындай ілтипат білдіргендері үшін ерлер қауымына ризашылықтарын білдірді. Мұның бәрі олар үшін тосын сый болды.

Сондай-ақ, 8 наурыз күні нәзік жандыларды АК-159/9 мекемесі бастығының орынбасары құттықтады

«Мен барлық әйелдерге көктемгі көңіл-күй, бақытты өмір, махаббат, сұлулық, өмір қуанышын, туыстар мен достардың назары мен қамқорлығына бөленуді тілеймін. Бұл күн барлық нәзік жандыларға жақсы көңіл-күй мен қуанышты күлкі сыйласын», - деп қорытындылады әділет полковнигі Сламбек Тұрсынханов.

АК-159/9 мекемесінің әкімшілігі 8 наурыз Халықаралық күнін ерекше ықыласпен атап өтеді, радиорубка арқылы музыкалық сүйемелдеуден басқа, 8 наурызда мекемеде үй атмосферасын құру үшін мерекелік түскі ас дайындалады.


Соңғы жаңалықтар