+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағандыда тұрғын үй сертификатын алу үшін қайда жүгінуге болады

2021 жылғы 11 маусым 00:06
Бөлісіңіз:
Қарағандыда тұрғын үй сертификатын алу үшін қайда жүгінуге болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы төлемді жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары беріледі. Олар ортақ табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспайтын әлеуметтік топтарға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды Қаражалда кезекте тұрған 200-ден астам тұрғынға баспана беріледі

2021 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды.

Көмек сомасы - тұрғын үй құнының 10%-ы, бірақ миллион теңгеден аспайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі санаттарға беріледі:

- мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандарға);

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған) көп балалы отбасыларға;

- толық емес отбасыларға (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Тұрғын үй сертификатын алу үшін Поспелов көшесі, 16, 10-шы кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Анықтама телефондары: 56-72-27.

Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT