Қарағандыда стоматологияда қыздың қаза табуына қатысты іс тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды стоматологиясында қыздың қаза табуы туралы қылмыстық іс қаладағы Қазыбек би аудандық сотының шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соттың ақпараты бойынша, стоматология директоры ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет» бабы бойынша айыпталды.

2016 жылы қыз ата-анасымен бірге Жезқазғаннан Қарағанды стоматологиялық клиникасына келген. Ата-анасының қатысуымен оған наркоз берілген. Дәрігер оның екі тісін емдеген. Осы кезде дәрігер-анестезиолог науқастың денесінің түсі өзгергенін және жүрегінің тоқтап қалғанын байқаған. Дәрігерлер реанимациялық іс-шаралар жүргізіп, жедел жәрдем шақырған. Оның жүрегі соғып, қайта дем ала бастаған. Тіс дәрігері препарацияланған тістерін пломбамен жапқан. Бірақ, оның жүрегі қайта тоқтап, тыныс алмай қалған. Жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтиже бермеген. Дәрігерлер оның қаза тапқанын айтқан.

Қыздың әкесі айтқандай, бала кішкентай күнінен мүгедек болған. Оған туған кезден бастап «Балалардың церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған.

«Әкесі айыпталушыдан 500 мың теңге материалдық және 10 миллион  теңге моральдық залалды өндіріп алу туралы арызынан бас тартып, қазіргі таңда оған ешқандай кінә артпайтынын мәлімдеді», - делінген соттың хабарламасында.

Сотталушыға рақымшылық жасалып, қылмыстық жауаптан босатылды. 

Соңғы жаңалықтар