Қарағандыда сақшы ит есірткіге қатысты 3 қылмысты ашуға көмектесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда үш жасар сақшы ит есірткіге қатысты үш қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінде Мира атты есірткі іздегіш сақшы ит қызмет етуде. Лабрадор ретривет тұқымды ит 2019 жылы Петропавл қаласындағы «Ақ-Барс» жануарларды бағу клубынан алдырылған.

Өзінің қызмет еткен 3 жылында Мира оқу-жаттығулар мен жауынгерлік қызметте үнемі алғырғырлық көрсетіп келеді.

«Мен оны күшік кезінен алған болатынмын. Үлкен ит кезінен алғаннан гөрі, кішкентайынан жаттықтырған әлдеқайда тиімді. Әрқашан қызмет барысында қасымда болғандықтан, ең жақын досымдай болып кетті. Көптеген жерде көмек көрсетіп, ешқашан ұятқа қалдырмады», - дейді кинолог маман, ефрейтор Мұхамет Салықов.

Айта кетелік, Мираның арқасында бірталай қылмыс әшкереленіп, көптеген құқық бұзушылар полиция учаскелеріне жеткізілді. Жыл басынан бері ол есірткіге қатысты 10 қылмысты ашуға көмектесткен. 11 шілде күні төрт аяқты қызметкер кинолог мамандардың жарысына Қарағанды қаласынан қатысады.


Соңғы жаңалықтар