Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасына сай келмейтін 2500 адам үй кезегінде тұрған
Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үйді заңсыз бөлу, тұрғын үй жағдайлары жақсартуды қажет етпейтін тұлғаларды кезекке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және өзге де жүздеген заңбұзушылықтар анықталды.
Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен пәтеріне қоныстанып, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеуі оларға мемлекеттік қызметтерді алуға жол ашты.
«Жосықсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріліп, 13 пәтер босатылды, 8 пәтер тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаждарға берілді. Бағдарлама шартына сәйкес келмегендіктен 2 540 адам тіркеуден алынып тасталды. Мердігерлерге қатысты да тиісті талаптар қойылып, олар қадағалау актісі бойынша мемлекеттік бюджетке 440 млн теңгеден астам соманы қайтарды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.