Қарағандыда көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған челлендж басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы қайырымдылық челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы еліміздің тәуелсіздігіне орай және «Игі істер» марафоны аясында «Мейірім сыйла!» челленджін жариялады.

«Челленджді біз балаларға киім таратудан бастадық. Демеуші кәсіпкерлердің бірі болды. Содан кейін бізді «Ана-Мама» қоғамдық қоры қолдады. Олар 50 отбасына азық-түлік себетін дайындады, біз бірге тараттық. «Ана-Мама» ҚҚ эстафетаны «Бірлік» және «Зекет» қорларына тапсырды. Сонымен, жақсылық тізбекте жүреді. Челлендждің мақсаты – мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, назар аудару. Адамға оның маңызды және қажет екенін көрсету керек, тек тамақтандыру немесе кию ғана емес, оны кез-келген жағдайда қолдау керек. Яғни, жүрегіңіздің мейірімділігімен бөлісу керек. Мысалы, көп балалы отбасылардан шыққан немесе жетім балаларды ойын алаңдарына апаруға болады», – дейді көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова.

Челленджге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол Тәуелсіздік күніне дейін жалғасады.

Көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін +7-778-398-45-03 телефонына қоңырау шалуға немесе Кеншілер даңғылы, 10с мекенжайы бойынша орналасқан «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жүгінуге болады.

Челлендж хештегтері: #Qazaqstan30jyl, #MeninQazaqstanym, #Tauelsizdik, #Тәуелсіздік30жыл.


Соңғы жаңалықтар